Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы

0
156

 

Президенттің кезекті Жолдауында былай делінген:
«Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайтуҮкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз жүзпайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят. Бұған қоса, дәстүрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек.

Сондықтан аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет. Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуге тиіс.

БұлАуыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның ортақ міндеті. Сондықтан іс-әрекеттерді Үкімет басшылығы деңгейінде үйлестіріп отыру керек».

Меніңше Президенттің халықты тұрақты түрде жеткілікті, сапалы, қолжетімді тағаммен қамтамасыз ету қабілеті туралы   айтқаны өтеорынды.

Шын мәнінде, қазіргі нарықтағы импортқа тәуелділік көңіл көншітпейді. Өзіміз аграрлық ел бола тұра, кейде қарапайым өнімдерді сыртта нәкелуұят жағдай.

Бірақ негізгі стратегиялық азық-түлік өнімдерін ел ішінде өндіруқауіпсіздіктің кепілі. Бұл әсіресе соңғы жылдардағы әлемдік тұрақсыздықты ескергенде айрықша маңызды.

Сонымен бірге,  ұлттық өнімдерімізді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру  да – үлкен мүмкіндік.  

Шын мәнінде, қазақтың табиғи, экологиялық таза өнімдері әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие бола алады. Мысалға: қымыз бен шұбатбұл тек сусынемес, денсаулыққа пайдалы биопродукт. БүгіндеЕуропа мен Корея елдерінде қымызғақызығушылық артып келеді. Ет өнімдеріқазақтың жылқы еті, қой етітабиғи, дәмі ерекше. Халал стандарттары бойынша өңделсе, ТаяуШығыс елдерінде зор сұраныс бар. Сүт пен ірімшікөнімдеріорганикалық сүт өнімдері әлемде өтежоғары бағаланады. Қазақтың құрт, ірімшік, сарымайы брендке айнала алады.Бал және бал өнімдері Қазақстан балын бүгінде Германия, Жапониясияқты елдер сатып алып жатыр. Бұл сұраныстыкеңейтуге болады.

Сондықтан,  ұлттық өнімдерімізді экспорттау – тек экономикалық пайда емес, сонымен бірге қазақ мәдениеті мен дәстүрін әлемге танытудың жолы


ПІКІР ЖАЗУ