Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс

Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық.
Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынады.
Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғамсанасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін.
Біз кеше кім болғанымызды ұмытпаймыз. Төлтарихымызға құрметпен қараймыз. Ал келешектекім болатынымыз тек қана өз қолымызда екенінжақсы түсінеміз.
Сондықтан ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерінкөркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақтықолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымдыжұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшінжасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соныңигілігін көреді, оны еселеп, лайықтыжалғастырады.
Қазір жер жүзінде болып жатқан түбегейліөзгерістерге жастар тез бейімделеді. Соның ішіндежасанды интеллектінің жаңа дәуірдегі орныерекше.
Хакім Абай «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсыұстаздан болады» деп айтқан.
Бұл нақыл сөзге Мемлекет басшысы ретіндеқосарым: Өркениетті әрі озық елдің заңы – әділ, билігі – білікті, ал азаматтары саналы жәнебелсенді болары хақ.
Мемлекет деңгейінде қабылданған әрбір шешімніңмән-маңызы, ең алдымен, халықтың тұрмысынжақсарту, экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтікәділдік орнату үшін жасалған нақты істерменөлшенуге тиіс. Сонда біз жаңа тұрпатты, мықты ел боламыз.
Қазақстан жан-жақты, түбегейлі реформалардыңарқасында дамудың даңғыл жолына түсіп келеді. Алда қарқынды жұмыс күтіп тұр. Бізбағдарымыздан айнымай, тек алға қадам басуымыз керек».








