Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат

0
157

«Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан.

Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.

Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет.

Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан барлық реформаны салмақты көзқараспен, мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек» — деді Президенттің Жолдауында.

Заман ағымынан қалыс қалмау,  қазіргі жаһандықсын-қатерлер дәуірінде цифрландыру мен жасандыинтеллекттің дамуына ілесуеліміздіңтұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін аса қажетқадам. Бұл үрдістер тек экономикалық тиімділіктіарттырып қана қоймай, басқару жүйесініңашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мемлекеттік қызметтердіавтоматтандыру, білім беру мен денсаулық сақтаусалаларын жетілдіру, сондай-ақ ұлттыққауіпсіздікке төнетін киберқатерлерге қарсы тұрумүмкіндіктерін кеңейтеді. Осы бағыттағыуақытылы және жүйелі әрекеттер Қазақстанныңжаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндікбереді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелеңұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі –  ортақмақсат. Ол үшін әрқайсымыз табанды еңбек етіп, бір ұлт ретінде біріге білуіміз қажет. Бұл – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкілқоғамның, әр азаматтың жауапкершілігі. Жастарғасапалы білім беру, оларды ұлттық құндылықтармен заманауи жетістіктер рухында тәрбиелеуболашақтың іргетасын қалайды. Сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, әділеттілік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарынұстану арқылы ғана біз өскелең ұрпаққа жарқынболашақ сыйлай аламыз. Бірлік, еңбекқорлық жәнеелжандылық – осы қасиеттерді бойына сіңіргенқоғам ғана тұрақты дамуға қол жеткізе алады.

Қандай жағдайда да міндетті түрде табысқа жету—  Қазақстанның болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан реформаларды салмақты көзқараспен, жан-жақты ойластырып жүзеге асыруға үлес қосуөте  маңызды.

 


ПІКІР ЖАЗУ