Студенттерге діни сауаттылықты арттыру жолдары түсіндірілді

0
168

Бүгін Шымкент аграрлық-техникалық колледжіндемаңызды кездесу өтті. Шымкент қаласы дін істерібасқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеуорталығы» КММ теолог маманы Шамуратов Алихан білім ордасының студенттерімен жүздесті. Кездесу барысында дін маманы «Діни сауаттылыққоғамның тұрақты дамуының кепілі» тақырыбына қатысты кеңінен ой қозғады.

Бұл іс-шараның басты мақсатырадикалдыидеологиялардың алдын алу арқылы жас буынғаислам құндылықтарын насихаттау және  руханитәрбие берудегі маңызын түсіндіру. Олардың дінисауаттылығын арттыру арқылы  қоғамда саналыазамат қалыптастыру болды.

Басқосу аясында теолог маман жастарға дәстүрлі діннің мәні мен маңызын, оның адам өміріндегіорны туралы жан-жақты түсіндіріп берді. Оладамның мінез-құлқын, ойлау жүйесін, руханижәне мәдени құндылықтарын қалыптастырудағыдіннің алатын рөліне тоқталды. Дәстүрлі исламныңадамгершілікке, сабырға, мейірімділікке, ата-анағақұрмет көрсетуге және қоғаммен үйлесімді өмірсүруге үндейтінін атап өтті. Бұдан бөлек, дінніңтәрбиелік, рухани, адамгершілік және әлеуметтікмаңызы жайында жан-жақты жеткізіп, жастардыңбойында ұлттық құндылықтарға негізделген дінисауаттылықты қалыптастыру қажеттігін баяндады.

Ол діни сауаттылықтыңжеке тұлғаның руханижетілуіне, қоғамдағы бейбітшілік пен татулықтынығайтуға ықпал ететін негізгі фактор екенінайтты. Бұдан бөлек, кездесуде теріс діни ағымдардың зияны және олардың жастарға тигізетін ықпалы кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында дін өкілі білім алушыларға дәстүрлі діни құндылықтардың жастар тәрбиесіндегі рөлі мен маңыздылығын түсіндірді. Және жалған діни ақпараттардан сақ болу және тек сенімді дереккөздерге сүйену қажеттілігін айтты.Теолог тәлімгерлерге радикалды идеологиялардың қалай таралатыны, теріс діни ағымдардан төнетінқауіп пен олардың алдын алу жолдары жайлы нақты мысалдармен түсіндіре отырып, студенттерді сергек болуға шақырды. Жастардың жат ағымдардың ықпалына түспеуі үшін сыни ойлау қабілетін дамытудың, дұрыс ақпарат көздерін пайдаланудың және ата-анамен, ұстаздармен тығыз байланыста болудың маңызы зор екендігін ерекше атап айтты.

Кездесу соңында студенттер маманға дін мәселесіне қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу жүргізді. Ашық форматта өткен шарада теолог маман студенттердің сұрақтарына ғылыми әрі шариғи тұрғыда негізделген жауаптар беріп, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Мұндай шаралар жастардың діни көзқарасын дұрыс қалыптастыруға, оларды экстремизм мен радикализмнен сақтандыруға бағытталған маңызды қадам саналады.


ПІКІР ЖАЗУ