Тұрғындар арасында этносаралық татулықты сақтау мәселелері талқыланды

0
142

Қазіргі қоғамда татулық пен бірлік – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының негізі. Сондықтан Шымкент қаласына қарасты аудандарда тұрғындардың бейбіт өмір сүруі мен өзара түсіністігін нығайту бағытында түрлі шаралар өткізіліп келеді. Осы орайда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті арттыру мақсатында маңызды басқосулар ұйымдастырылып, халықты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіруге баса мән берілуде.

Бұл бағытта бүгін Әл-Фараби ауданының Ескі шаһар шағын ауданында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеуге арналған «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты –этносаралық ынтымақ пен татулықты дәріптеу, ұлттық бірегейлікті нығайту, аға буын мен жастар арасындағы рухани сабақтастықты қалыптастыру болды.

Іс-шараға Шымкент қаласы «Өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Рузметов Шухрат, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Халназаров Арипджан, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Жалмұрзаев Батырбек, сондай-ақ Әл-Фараби ауданы әкім аппараты «Әлеуметтік қорғау және қолдау көрсету» бөлімінің басшысы Салимов Бахтияр қатысты.

Кездесу барысында қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, этностар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, татулық құндылықтарын кеңінен дәріптеу мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз сөздерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлік пен келісім бағытындағы қызметіне тоқталып, этносаралық қатынастарды нығайтудағы оның рөлін атап өтті.Сонымен қатар, Ассамблея бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік, білім беру және мәдени бағыттағы іс-шаралар қоғамдағы өзара түсіністік пен татулықты арттыруға зор үлес қосып отырғаны айтылды.

Жиын барысында сөз алған Жалмұрзаев Батырбек Қаратайұлы «Бірлік – біздің ең қымбат қазынамыз. Ел дамуының, ұрпақтың болашағының кепілітатулық пен өзара сыйластықта. Қоғамдағы келісімжай ғана ұран емес, олкүнделікті еңбектің, түсіністік пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі. Сондықтан әрқайсымыз осы құндылықтардысақтау жолында үлес қосуымыз қажет», – деп атапөтті. Сондай-ақ жастарды ұлттық бірлікке селқосқарамауға, татулық пен келісім жолында белсендіболуға шақырды. Ол қатысушыларды өз мәдениетімен дәстүрін, қоғамдық келісімді сақтауға үндеп, бұл жолда бірлік пен парасаттылықтың маңызы зорекенін жеткізді.


ПІКІР ЖАЗУ