Еңбекші ауданында этносаралық ауызбіршілікті арттыруға арналған кездесу өтті

0
139

Мемлекетімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау – ел тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі саналады. Ел ішіндегі этносаралық татулықты нығайту, түрлі мәдениеттер мен ұлттар арасындағы өзара құрмет пен сенімді арттыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта еліміздің барлық өңірлерінде қоғамдық келісімнің күшейтілуін көздейтін түрлі форматтағы іс-шаралар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл шаралар халықтың бірлігін бекемдеп, көпэтносты қоғамда бейбітшілік пен келісімнің артуына оң әсерін тигізуде.

Осындай игі бастамалардың бірі ретінде Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Тоғыс тұрғын алабында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға арналған кездесу өтті.

Жиынға Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Джунусов Алибек Мухтарович, Елтай мешітінің имамы Қыдырбаев Ермахан, жергілікті учаскелік полиция инспекторы, майор Бекмұратов Абылайхан Арыстанбекұлы, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Қалтаев Нұрсағым қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі, этносаралық татулық пен конфессияаралық тұрақтылықты сақтау мәселелері жөнінде пікір алмасып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдық келісімді нығайту жолдары талқыланды. Сонымен қатар, еліміздегі этностардың мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ортақ мүдде мен ұлттық бірлік аясында бірлесе даму қажеттігі баса айтылды.

Шарада сөз алғандар Ассамблеяның татулық пен келісім платформасы ретінде қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды миссиясына тоқталып, осы бағытта атқарылып жатқан нақты жұмыстар мен жетістіктерді атап өтті. Кездесуде қатысушылар бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайтуға бағытталған ой-пікірлерін ортаға салып, қоғамдық келісім – ел болашағының берік негізі екендігін атап көрсетті.

Жиынға қатысушылар Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің маңызын айта келе, бірлік – елдің берекесін арттыратын, татулық – тұрақтылықтың тірегі екеніне тоқталды. Олар мемлекеттің жүргізіп отырған ұлттық саясаттың нәтижесінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүріп, ортақ мақсаттар жолында еңбек етіп жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, қатысушылар жастарды ел бірлігін нығайтуға, мәдени саналуандылықты құрметтеуге, тарих пен дәстүрге деген құрметті арттыруға шақырды. Кездесу соңында ынтымақ пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған ұсыныстар айтылып, қатысушыларға алғыс білдірілді.


ПІКІР ЖАЗУ