Жолдау-2025: тұрақты өсу, жасанды интеллектіні дамыту және білім беру бастамалары

IT саласы тұрақты түрде өсіп келеді. Еліміздегі IT-компаниялар саны 18 мыңнан асты, соңғы үшжылда өсім 16%-ды құрады. 1700-ден астамқатысушыны біріктіретін Astana Hub халықаралықтехнопаркінің дамуы маңызды драйвер болды. Резиденттердің жиынтық табысы 1,2 трлн теңгегежетті, экспорттық кіріс 140 млрд теңгеден асты.
Өңірлік ІТ хабтар инновациялық экожүйенің негізгіэлементіне айналды. Қазірдің өзінде Қазақстандаолардың 19-ы бар. Сонымен қатар Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, Дубай және Қытайдашетелдік алаңдар ашылды.
Astana Hub халықаралық серіктестермен бірлесіпстартап-экожүйені дамытуда. AI’Preneurs және SilkWay Accelerator (Google-мен серіктестікте) бағдарламалары шеңберінде қазақстандық жобаларәлемдік нарықтарға шығуда. AlchemistX, DraperUniversity және Silkroad Innovation Hub-пен ынтымақтастықтың арқасында Кремний алқабында40-тан астам стартап акселерациядан өтті. 2026 жылға қарай Қазақстан $1 млрд көлеміндегі IT-қызметтер экспортына қол жеткізуді мақсат етіпотыр.
Tech Orda бағдарламасы 2025 жылы 100 000 IT маманын оқытуды қарастырып отыр. Онлайн жәнеофлайн бағдарламалар – Tomorrow School, AI’Preneurs, Decentrathon 2.0, сондай-ақмамандандырылған курстар: AI-People Bootcamp и AI Quest 1.0 жүргізілуде.
Сондай-ақ Орталық Еуразияда алғаш ретмемлекеттік қызметшілерді ЖИ-мен жұмыс істеудағдыларына үйрететін AI Qyzmet бағдарламасыіске қосылды. Ол жұмыс процестеріне цифрлыққұралдарды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтіңтиімділігін арттыруға бағытталған.
«2024-2025 жылдар ЖИ саласындағы маңыздыбастамалар кезеңі болды. 2029 жылға дейінгітұжырымдама бекітілді, ЖИ және цифрлықтрансформацияны дамыту стратегиясы, сондай-ақжасанды интеллекті бойынша заң жобасыәзірленуде», — деді Жаслан Мәдиев.
Халықаралық Alem.AI жасанды интеллектіорталығын іске қосу жұмыстары жүргізілуде, бұлмамандарды даярлау және ғылыми зерттеулералаңы болады.
Жақында қазақ тіліндегі ең ірі тілдік модель – AlemLLM баршаға қолжетімді бола түсті. Оны стартаптар, университеттер, компаниялар және халықаралық платформалар қолдана алады.
Шілде айында Орталық Азиядағы алғашқыalem.cloud суперкомпьютерлік кластері іскеқосылды. Бұл бизнес пен зерттеушілерге ЖИ саласындағы шешімдерін әзірлеу үшін қолжетімді.








