Шымкентте шеберлер ұлттық қолөнерді қадірлеуге үлестерін қосты

Қазақ халқының мол ұлттық мұрасында қолөнердәстүрлерінің алар орны айрықша. Соның ішінде құрақ құрау – ғасырлар қойнауынан жеткен өнер, ата-бабамыздың тұрмысында кеңінен қолданылған қолөнер түрі. Құрақ – әсемдік пен өрнектің ғанабелгісі емес, ол ұрпақ сабақтастығын сақтап, халықтың тарихы мен тағылымынан сыр шертетінұлттық мұра.

Осы құндылықтарды жаңғыртып, кейінгі ұрпаққажеткізу мақсатында Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Құрақ құрау – өнердің сарқылмас қайнар көзі» атты шеберліксағатын ұйымдастырды.

Шара аясындақатысушыларға құрақтың түрлері, оны құраудыңқыр-сыры таныстырылып, қолөнер шеберлерініңеңбектері паш етілді.

Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде құрақ – тек сәндікбұйым ғана емес. Ол – анадан балаға берілетінөнердің, шыдамдылық пен іскерліктің мектебі. Әжелеріміз құрақ құрау арқылы қыз балағаұқыптылықты, сабырлықты, сұлулықты бағалаудыүйреткен. Әр қиылған матаның өзіндік мәні болып, олардан құралған өрнек бір шаңырақтың тарихын, әулеттің шежіресін бейнелеген.

Іс-шараның басты мақсаты да осы ұлттыққолөнерді насихаттап, жастардың ұлттық өнергедеген қызығушылығын арттыру, көркемдікталғамын дамыту және ата-баба мұрасынжаңғырту.

Бұл жоба барысында әлемдік рекорд орнатылып, 660 көрпешеден құралған үлкен көлемдегі ұлттықкомпозиция жасалған. Әр көрпешенің ұзындығы230 см, ені 90 см болып, жалпы ауданы 1366 шаршы метрді құрап, елдің түкпір-түкпіріненкелген 6 жастан 90 жасқа дейінгі 660 құрақшышебер осы жобаға атсалысты.

– «Аламан құрақ» – халқымыздың ғасырларданжеткен мұрасын жаңғыртуға арналған үлкен қадам. Біз ұлттық өнерімізді жаңаша сипатта танытып, оны халықаралық деңгейге шығаруды мақсат еттік. Ол мақсатымыз орындалды.

Бұл жоба мәденимұрамызды сақтаудың ғана емес, оны әлемге пашетудің бірегей бастамасы. Осы құрақшылардыңбасын бір жерге қосып, олардың өнерін бір арнағабұрсақ деген арман еді. Енді, міне, жоба бүгіндеәлемдік деңгейге дейін көтеріліп кетті. Өтеқуаныштымыз. Бұл ұлттық өнерге дегенжанашырлық деп білеміз, — дейді жоба жетекшісі, бастамашы Нұргүл Абайхан.

Қазақтың қолөнері – халықтың тұрмысын, дүниетанымын, рухани болмысын айқындайтынасыл қазына. Сол қазынаның бір тармағы болыпсаналатын құрақ құрау – ұрпақтар арасынжалғайтын алтын көпір. Әдет-ғұрып орталығыөткізген шеберлік сағаты да осы өнердіұмыттырмай, қайта жандандыруға бағытталғанқадам болып отыр.
Ұлттық өнерді қадірлеу – тамырымызды тану, болашаққа жол сілтеу. Құраққұрау арқылы халықтың тарихын сезінуге, оныңәсемдік пен үйлесімге деген талғамын тануғаболады.








