Дін өкілдері клубының кезекті отырысы өтті

0
186

Қазіргі жаһандану заманында адамзат баласыныңалдында тұрған маңызды мәселелердің бірібейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау болып саналады. Бұл ретте, дінаралық келісімқоғамдағы бейбітшіліктің, ынтымақ пен өзаратүсіністіктің маңызды тұғыры. Өйткені, сан алуан дінді, тілді, мәдениетті ұстанатын ұлт өкілдеріарасында сыйластық пен татулық жоқ жердетұрақты даму орнауы екіталай.

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 30 жылдық мерейтойына орай, Діни бірлестіктердің басшылары Клубының кезекті отырысы өтті. Жиынға шаһардағы дін өкілдері және БАҚ өкілдеріқатысты.

Шараға қатысқан Шымкент қаласы Дін істерібасқармасының басшысы Бахтияр Өнербаевеліміздегі діни тұрақтылық пен келісімді сақтаудадін өкілдерінің еңбегі мол екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясының1-бабы, 1-тармағында: «Қазақстан Республикасыөзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жәнеәлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Оныңең қымбат қазынасыадам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп атапкөрсетілген. Ата Заңымыздағы осы қағидалармемлекетіміздің зайырлы сипатының айқын белгісі. Сіздердің елімізде діни тұрақтылық пен келісімді, сондай-ақ толеранттылықты сақтаудағыеңбектеріңіз жоғары бағаланады. Ортақмақсатымызәлеуметтік бейбітшілікті, ұлттар мен діндер арасындағы өзара сыйластықты, төзімділіктіжәне түсіністікті сақтау әрі нығайту. Осы орайда, Конституциядағы негізгі қағидаларды берікұстанып, бірлігімізді одан әрі бекемдеубаршамыздың ортақ міндетіміз.

2025 жылқазақ халқының ұлы ойшылы, кемеңгерақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына180 жыл толатын мерейтой жылы. Бұлұлттықсананы жаңғыртудың, рухани құндылықтардыдәріптеудің маңызды кезеңі. Абай мерейтойы тек елімізде ғана емес, шетелдерде де жоғары деңгейдеаталып өтуде.

Қала әкімдігі тарапынан мерейтойға орай мәдениіс-шаралар ұйымдастырылып, Абай мұрасыныңмаңызы мен қазіргі заманмен үндестігі теологтартарапынан кеңінен насихатталуда, — деді басқармабасшысы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған«Таза Қазақстан» жобасыеліміздің экологиялықжағдайын жақсартуға бағытталған маңыздыбастама. Бұл жоба тек экологиялық мәдениеттіқалыптастыруды ғана емес, патриотизмді, отансүйгіштікті, этнос пен дінге қарамастан бір-біріне құрметпен қарауды, толеранттылықтыарттыруды және ұлттық құндылықтарды сақтаудыкөздейді.


ПІКІР ЖАЗУ