Шымкентте заң мен тәртіпті нығайтуға арналған басқосу өтті

0
193

Қоғамда адамдар арасындағы өзара қатынастарды үйлестіретін және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін басты қағидалардың бірі, ол — заң мен тәртіп. Заң, бұл мемлекеттің қабылдаған ресми қағидалары мен нормаларының жиынтығы, ал тәртіпсол заңдардың орындалуын жүзеге асыратын жағдай мен жағдайларды білдіреді. Заңмен тәртіптің дұрыс реттелуі қоғамның өсіп-өркендеуіне, адамдардың қауіпсіздігі мен бостандығына басты арқау болады.
Бүгін Шымкенттегі Достық үйінде «Заң мен тәртіп – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың негізі» тақырыбында кездесу өтті. Жиынды ҚХА қалалық төрағасының орынбасары, корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан жүргізді.

Іс-шараға прокуратура, әділет және полиция департаменттері, сайлау комиссиясы, этномәдени бірлестіктер мен белсенді азаматтар қатысты.

Басқосуда қоғамда заң үстемдігі мен қоғамдықтәртіптің сақталуы елдің тұрақты дамуы мен халықтың бейбіт өмір сүруінің кепілі екеніайрықша айтылды. Құқықтық мәдениетті дәріптеу, этносаралық келісімді нығайту арқылы қоғамдағытыныштықты сақтауҚазақстан халқыАссамблеясы ұстанған басты бағыттардың біріекені тиянақты түсiндiрiлдi.

Кездесуде Шымкент қаласы прокурорының ағакөмекшісі Н.Базарбаев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қадағалау жайында, қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Р.Досанова құқықтық тәртіп пен азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы сөз сөйледi. Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасарыБағлан Мырзабаев қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін баяндаса, Шымкент қаласы Абай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Алиев елдегі сайлаужүйесінің дамуы және сайлау мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жеткізді.

Пікір алмасу барысында қатысушылар құқық қорғау органдары мен ел азаматтары арасында түсіністікті арттыру, заң нормаларын ұстанып, қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған ұсыныстарын айтты.  Жиынды қорытындылаған Ю.Пан талқыланған маңызды мәселелер назарға алынатынын атап өтіп, ел бірлігі мен қоғамдық татулық жолындағы мемлекет органдар мен азаматтық қоғам белсенділерінiң еңбектеріне табыс тіледі.


ПІКІР ЖАЗУ