Тау баурайында балаларды спортқа баулуға бағытталған спартакиада

0
188

Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының және «Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен үй балалары арасында спартакиада ұйымдастырылды.

«Кoktobe» жазғы балалар сауықтыру лагерінде өткен спорттық шараның басты мақсаты — балалар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге көзделді. Спартакиадаға 300 баладан бөлек, тәрбиешілер, тәртіп сақшылары, төрешілер және қадірлі қонақтар қатысты.

Мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен басталған спартакиаданың ашылу салтанатында Әдістемелік орталық әдіскері Даулет Куттеев алғаш сөз кезегін алды. Келесі кезеңде командалар атауы, ұраны, туымен таныстырылып, сахнада шеру жасалды. Шара шеңберінде «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Лаура Боранбаева құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі жарыстың маңыздылығына тоқталды.

— Бәрімізге белгілі, бүгінгі таңда елімізде бұқаралық спорт түрлерін дамыту — күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болып отыр. Осындай жарыстардың жиі өтуі арқылы жастарымыздың спортқа деген қызығушылығы артып, салауатты өмір салтын сақтап келеді. Бұл — олардың бәсекеге қабілетті ел болуымыз жолында қосқан бірден-бір үлестері деп білемін, — деді ол.

Сайыс соңында жүлдегер атанған жастарды марапаттау рәсімі өтті. Әр спорт түрінен 1, 2, 3 орын олжалаған олар жалпы командалық есеп бойынша «Үздік команда» атанды. Спорт саласына деген белсенділігін байқатқан жастар , Үздік спортшы, Үздік капитан, Жеңіске деген жігері үшін, Ең ұйымшыл команда, «Көңілді старттар» жұлдызы, «Fair Play» – Әділ ойын рухы, Үздік қақпашы/шабуылшы, Үздік жанкүйер, Үлгілі тәртіп пен белсенділік үшін арнайы номинацияларымен марапатталды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары, медальдар және естелік сыйлықтар табысталды.Іс-шара соңында барлық қатысушылар тау бөктерінде естелік суретке түсті. Сондай-ақ ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, бұл бағыттағы жарыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіп тұру керектігі айтылды.


ПІКІР ЖАЗУ