Ұлы ақынға құрмет – шынайы әрекетпен дәлелденді

Астана қаласының тұрғыны,заңгер, ”Болашақ” бағдарламасының түлегі Марғұлан Ермағамбетұлы қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ерекше бастама көтеріп, велосипедпен 180 шақырым жол жүріп өтті. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — ұлт руханиятына еңбек сіңірген тұлғаның мерейтойына іс арқылы тағзым жасау.
Жексенбі күнгі бұл велошеру Елорда айналма жолымен екі рет шеңбер жасап, Абай ескерткішінің жанында аяқталды. Қатысушы 9 сағат 10 минут бойы жолда болды. Сапар барысында смартфонын қуаттау үшін екі рет, ал тамақтану үшін бір рет аялдағанын атап өтті.
Маршрут қаланың айналма жолдарын қамтып, Абай ескерткіші маңында аяқталған. Велошеруші 9 сағаттан астам уақыт жолда болып, бар-жоғы бір-ақ рет аялдап, тамақтануға және екі мәрте смартфон қуатын толықтыруға тоқтаған.
– Абай атамыздың 180 жылдығына арнап 180 шақырымды жүріп өтуді мақсат еттім. Бұл – құр сөз емес, нақты іс арқылы құрмет көрсету деп санаймын, – дейді Марғұлан Ермағамбетұлы.
Бұл бастама – спорт пен руханиятты ұштастыра отырып, Абай іліміне деген құрметтің заманауи үлгісі іспеттес. Көпшіліктің назарына іліккен бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушылары арасында да жылы қабылданып, қолдау тапты.








