ШЫМКЕНТТЕ ДІНИ ТАНЫМ МЕН ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
191

Шымкент қаласы орталық мешітінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ұлт кемеңгері – Хәкім Абай тағылымы» тақырыбында рухани кездесу өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы дін істері басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкенттегі өкілдігі бірлесе ұйымдастырды.

Кездесудің басты мақсаты – қоғамда келеңсіз пікірлер мен діни алауыздықтардың алдын алу, жастардың бойына имандылық пен әдептілік қасиеттерін сіңіру, Абай мұрасын дәріптеу арқылы ұлттық бірлікті нығайту болды.

Шараға қаланың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, қалалық дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, қоғамдық кеңес төрағасы Бұқарбай Парманов, дінтанушылар мен имамдар қатысты.

Жиында әлеуметтік желідегі діни тақырыптарда жағымсыз пікір білдіру мәселесі көтеріліп, оны болдырмау жолдары талқыланды. Сонымен қатар, имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу бағытында ұсыныстар айтылды.

Айта кетейік, осындай форматтағы кездесулер қала мешіттерінде тұрақты түрде жалғасуда.


ПІКІР ЖАЗУ