ШЫМКЕНТТЕ ДІНИ ТАНЫМДЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент орталық мешітінде Хәкім Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойы аясында «Ұлт кемеңгері – Хәкім Абай тағылымы» тақырыбында рухани кездесу өтті. Аталған шараны Шымкент қаласы дін істері басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласындағы өкілдігі ұйымдастырды.
Діни іс-шараның басты мақсаты – дін өкілдерінің БАҚ пен әлеуметтік желілерде қоғамда дау туғызуы мүмкін тақырыптарда теріс пікір білдіру немесе жағымсыз комментарий жазу жағдайларының алдын алу. Жамағатты түрлі жат ағымдардан сақтандыру, жастардың бойына имандылық, әдептілік қасиеттерді сіңірумен қатар, Хәкім Абайдың рухани мұрасын насихаттау, түзу жолдан таймау, халықтың діни танымдығын арттыру арқылы қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты сақтау болып саналады.
Рухани шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Шымкент қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, Шымкент қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Бұқарбай Парманов, кәсіподақ ұйымының төрағасы Бауыржан Әлтай, найб имам Ахметжан қажы Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаев, қалалық Дін мен дәстүр бағытының жетекшісі Самат Анарбаев т.б. азаматтар қатысты.
Діни кездесу барысында аталған тақырыпқа қатысты кейінгі кездері әлеуметтік желідегі келеңсіз жағдайлар талқыланып, алдағы уақыттарда алдын алу және болдырмау жолдары жайы айтылды. Сонымен қатар, дін саласындағы көтерілген бұл тақырыпқа байланысты ақпараттық түсіндірме жұмыстары мен түрлі шаралардыұйымдастыру, өңірдегі діни мәселелерді шешуге ықпал ете отырып, имамдардың үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету, деструктивті діни идеологияның алдын алу, теріс бағытта жүрген азаматтарға тиісті негіздермен түсіндіріп бере алатын білікті имамдар корпусын қалыптастырумәселелері қозғалды.
Басқосу барысында қатысушылардың ой-пікірлерімен ұсыныстары назарға алынды. Діни қызметкерлер ҚМДБ өкілдігі арқылы жергілікті имамдармен резонанс тудыруы мүмкін тақырыптарда эмоцияға берілмей, сабыр сақтапжәне рухани әрі парасатты түрде тек ҚМДБ тарапынан бекітілген тақырыптарда ғана уағыз-насихат айту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, дәл осы форматтағы діни кездесулерқала имамдарының қатысуымен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран және Қаратау аудандық орталық мешітінде жалғасын тапты.








