Жәнібектің рейтингтегі жағдай жақсы болды

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды
Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әле м чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12КО) кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингіде жоғарылады деп хабарлайды Democracy.kz ақпараттық порталы sport12.kz ке сілтеме жасап.
BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес, Жәнібек рейтингіде бір саты жоғарылап, 857 ұпаймен орта салмақта екінші орынға жайғасты. Бұл салмақта кубалық америкалық боксшы Эрисланди Лара (31-3-3, 19КО) көш бастаса, англиялық боксшы кіші Крис Юбанк (34-3, 25КО) үздік үштікті түйіндеді.
Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанса, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
2015 жылдан бері кәсіпқой бокстағы жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен.