1 сәуір – Күлкі және әзіл-қалжың күні

0
14

1 сәуір – әлемнің көптеген елдерінде күлкі мен әзілге арналған ерекше мереке. Бұл күні адамдар достарын, әріптестерін және жақындарын алдап, қалжыңдап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысады.

Мерекенің шығу тарихы былай.  1 сәуірдің әзіл-қалжың күні ретінде қалыптасуының нақты шығу тегі белгісіз, бірақ бірнеше танымал нұсқалар бар

XVI ғасырда Францияда Жаңа жыл 25 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін тойланатын. 1582 жылы Папа Григорий XIII жаңа күнтізбені енгізіп, Жаңа жыл 1 қаңтарға ауыстырылды. Бірақ кейбір адамдар бұл өзгеріске үйрене алмай, 1 сәуірде ескіше Жаңа жылды тойлай берді. Оларды «сәуір ақымақтары» деп мазақтап, әртүрлі қалжыңдар ойлап таба бастады. Осылайша әзіл күні пайда болды деген болжам бар.

Ежелгі Рим мерекелері. Рим империясында «Hilaria» деп аталатын мереке болған. Бұл күні адамдар бетперде киіп, бір-біріне әзіл айтып, көңіл көтерген.

Кельт және үнді дәстүрлері. Кейбір зерттеушілер бұл мерекенің тамыры кельт халықтарының және үнділердің көктемгі мейрамдарынан бастау алады деп санайды. Бұл халықтар да көктем келгенде түрлі ойын-сауық ұйымдастыратын.

Әлемнің көптеген елдерінде 1 сәуірді әртүрлі атап өтеді.

АҚШ, Ұлыбритания, Канада – адамдар бір-біріне күлкілі қалжың айтып, бұқаралық ақпарат құралдары да жалған жаңалықтар таратады.

Франция – бұл күні адамдар бір-бірінің арқасына балықтың суретін жапсырып кетеді. Бұл дәстүр «Poisson d’Avril» (Сәуір балығы) деп аталады.

Германия, Ресей, Қазақстан – әзіл-қалжың айту дәстүрі кең тараған, адамдар достары мен туыстарын күлкілі жағдайға қалдыруға тырысады

1 сәуірде көптеген әйгілі қалжыңдар болған. Мысалы:

1957 жылы BBC арнасы «Швейцарияда макарон ағаштарда өседі» деген жаңалық таратқан, адамдар шынымен сеніп қалған.

1996 жылы Taco Bell компаниясы «Liberty Bell» тарихи қоңырауын сатып алып, атауын өзгерткені туралы әзіл хабарлама жариялаған.

Сіз қалай әзілдей аласыз? 1 сәуірде сіз де көңілді қалжыңдар жасай аласыз мысалы

Достарыңызға жалған, бірақ зиянсыз жаңалық айту.

Телефоныңыздың тілін өзгертіп, танысыңызға «телефон бұзылды» деп айту.

Тәтті немесе шайға тұз қосып, күтпеген әзіл жасау.

Ең бастысы – әзілдеріңіз ешкімге зиян тигізбейтін, тек көңіл көтеретін болсын!

Ал, сіз бүгін біреуге қалжыңдадыңыз ба, әлде өзіңіз алдандыңыз ба?

Балнұр ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ