Меруерт Түсіпбаева блогер Мадленнің сөзіне ашуланды

0
4

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева блогер Мадленді жазалауды талап етті. Бұл туралы Democracy.kz ақпараттық порталы  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі Талғар ісіне қатысты пікір білдірген желі жұлдыздарына ашуланды.

“Бұлар жұлдыз емес, бұлар – пенделер! Жұлдыздар аспанда болады. Мынау Мадлен деген көргенсіз еліне кетсін, сонда боқтасын!! Кім бұл, Мадлен? Жазалау керек» – деп жазды мәдениет қайраткері.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогерлердің парақшасын жауып тастауды ұсынды.

“Мадлен өзбек екен, еліне депорт жасау керек», “Қазақтың жері жақсы, наны тәтті де, басына іс түскенде қашып шығасыңдар!», «Мадленге шағым түсіріп, боқтағаны үшін блокқа жіберу керек», «Ойпырмай, мынаның аузы ырбиып, ақ ит кіріп, көк ит шығады!» – деп жазды желі қолданушылары.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.



ПІКІР ЖАЗУ