Жұмыссыз қалған адамдар әлеуметтік көмек ала алады
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған қанша адам әлеуметтік төлем алғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Democracy.kz ақпараттық порталы Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
Қанша адам әлеуметтік төлем алды?
Әлеуметтік төлем қандай жағдайда беріледі?
Жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған табыстың 45%-ына дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен төленеді.
«Жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан беріледі, бұл жұмыссыз адамды жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған», — деп жазылған ақпаратта.
Төлемді қалай алуға болады?
Төлем тағайындалуы үшін жұмыстан босатылған азаматқа мына қадамдарды орындау керек:
— eGov.kz порталында тіркелу;
— «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
— онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жерді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
— бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы жұмыс орындарын ұсынады;
— жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге мансап орталығы қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);
Бұл қызметті онлайн режимде Электрон еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.