Қыс мезгілінде инсульт алатындар көп

0
15

Қыс — жылдың керемет мезгілі, алайда оның да денсаулыққа қаупі болуы мүмкін. Қыста тек маусымдық вирусты инфекциялар емес, сондай-ақ жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының қаупі де артады, — деп хабарлайды Democracy.kz ақпараттық порталы Massaget.kz -ке сілтеме жасап.

Қыста неліктен инсульт жиілейді?

Қыс мезгілінде инсульттің жиілеуіне бірнеше себеп бар:

Суық ауа райы. Суықта қан тамырлары тарылып, артериялық қысым көтеріледі. Бұл ішкі ағзалардың температурасын тұрақты ұстау үшін қажет. Сондықтан аяқ-қолдағы қанайналым баяулайды, бұл өз кезегінде инфаркт пен инсульт қаупін арттырады.

Температураның күрт өзгеруі. Жылы жерден суыққа шығу қан тамырларының тез тарылуына әкеліп, қанайналымын бұзады. Қан жеткілікті мөлшерде келмейді, осыған байланысты жүрекке, миға оттегі мен глюкозаның жеткізілуі нашарлайды.

Аз қимылдау. Қыста физикалық белсенділік төмендейді.

Дұрыс тамақтанбау. Суық мезгілде майлы және көмірсулы тағам көбейеді, ал дәрумендер мен талшықтар азаяды.

Тұмау және басқа инфекциялар. Қысқы инфекциялар жүрек пен қан тамырларына жағымсыз әсер етіп, инсульт қаупін арттырады.

Қауіп тобындағы адамдар қыста өздерін қалай қорғай алады?

Егер далада температура нөлден төмен болса, сыртта бір жарым сағаттан артық жүрмеңіз. Үзіліс жасап, жылы ғимаратқа кіріңіз.

Лимон қосылған ыстық шай немесе бал қосылған жылы сүт жылынуға көмектеседі. Суық кофе ішпеңіз. Алкогольден де бас тартыңыз. Себебі ол алдымен қан тамырларды кеңейтіп, жылу бөледі, содан соң бірден қан тамырлар тарылып, аяқ-қол мұздайды.

Суық мерзімде қауіп тобындағы адамдарға темекі тартуға тыйым салынады. Никотин тамыр тарылтқыш құрал ретінде әсер етеді.

Аязға шықпас бұрын дұрыстап тамақтанып алған дұрыс. Құрамында С дәрумені бар өнімдерді (лимон, ашытылған қырыққабат, киви және т.б) жеуді ұмытпаңыз.

Аурудың алдын алу — денсаулық кепілі. Зиянды әдеттерден бас тарту, қауіп факторлары — артериялық қысым, қант және холестерин деңгейін бақылауда ұстау. Аритмияны жоққа шығару үшін ЭКГ жасап тұрыңыз.

Еске салайық, инсульттің негізгі белгілері — бет асимметриясы, сөйлеудің бұзылуы, аяқ-қолдардағы бір жақты әлсіздік. 

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.

Кілтсөздер:Инсультқыс


ПІКІР ЖАЗУ