Дін дегеніміз шекара мен шектеулер

0
10

Тик ток әлеуметтік желісінде «Діншіл адамдар қорқақ келеді» деп  Egoist арнасының жүргізушісі видео жазба жарияланған. Бұл туралы democracy.kz тілшісі жазады.

Себебі,  діннің негізгі концепциясы қорқынышқа негізделген. Дін-ол өзгенің құқығын шектейті, абьюз. Кез келген діншіл адам жекеленген сезімдерден құр қалған жан. Өйткені олар өмірді дұрыс немесе дұрыс емес, жақсы немесе жаман, ақ немесе қара, адал немесе харам деп бөліп тастайды.

Яғни, олар нақты шекара қойылған түсініктермен өмір сүреді. Олар өмірді табиғатты сол күйінде қабылдай алмайды. Сондықтан мына әлемді біреу жатартты, сол жаратушының нақты юір қағидасымен жүр керек деген нақты сенімді бойларына сіңірп алған.

Егер, дінде қорқыныш болмаса жер бетінде осы кезге дейін, бірде бір дін қалмаушы еді. Дәл солай діншілдер басқалардыңда өздері сияқты қорқынышпен өмір сүргенін қалайды. Сол үшін әлемде қаншама  соғыстар болды. Өз дінін қоғаймын деп болмаса өз дінін таратамын деп миллиондаған адамдар қанға буығып жер жастанып кетті. Ал мұндай дінде қандай махаббат, қандай мейірімділік болуы мүмкін.

Байқасаңыздар діншіл адам өз ортасы ата- анасы, достарының өзінің көз қарасында жүрмегені үшін, адасқанға  санап, өзінікін ақиқатқа санап, сізді өзіне тартқысы келіп агрессивті болып кетеді. Өзінің дінін өзіне қалқан етіп алып, басқасын көрмей соқыр болып қалатыны содан.

Кез келген мәселеде  тіпті, ойлауғада қорқады, өйткені дұрыс емес ойлап қойсам күнаға батып кетуім мүмкін деген миында сигнал соғып тұрады. Тек қана шешім қабылдаудан емес өзінің көлеңкесінен қорқып қалады. Себебі, діннің негізгі концепциясы қорқыныш шеңберінде ұстап отыру.

Дін мен ғылым ешқашан үйлеспейтін сияқты, дін мен махаббатта ешқашан үйлесім таба алмайды. Өйткені, махаббатта ешқандай шекара болмайды, махаббатта шектеулермен шекаралар болған емес. Ал, дін шекара мен шектеулерден тұрады.

Фото тик ток желісінен алынды.

 



ПІКІР ЖАЗУ