Балқаш қаласында 2000-нан астам қызметкер жұмыссыз қалды
Балқаш қаласының кәсіпкерлері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жолдады, деп Democracy.kz ақпараттық порталы хабарлайды Dalanews.kz. -ке сілтеме жасап.
“Вечерняя Караганда” газетінің мәліметінше, Балқашта қаланы айналып өтетін жаңа автобан салынғалы жұмыссыздық деңгейі күрт өскен.
“Біз күнкөріссіз қалдық. Себебі ғимараттарымыз, құрылыс нысандарымыз бен жеріміз өтімсіз болып қалды. Жол құрылысы кезінде бізді, яғни 60 кәсіпорынды, назардан тыс қалдырды. Сізден осы мәселеге араласып, заңнамалық деңгейде шешім қабылдауға жәрдемдесуіңізді сұраймыз. Себебі кәсіпкерлермен қатар, 2000-нан астам қызметкер жұмыссыз қалып отыр”, – дейді кәсіпкер әйел бейнежазбада.
Айтуларынша, бұл жағдай кәсіп табысының күрт төмендеуіне алып келген. Ал жер телімдерінің бағасы 174 миллион теңгеге дейін жеткен көрінеді.
“Бізде зейнет жасындағы және зейнеталды жасындағы қызметкерлер бар. Олар үшін басқа жұмыс табу қиынға соғады. Сондықтан көптеген жұмысшыны қысқартуға мәжбүр болып отырмыз. Қаламыздың кішкентай екенін ескерсек, олардың жаңа жұмыс табуы өте қиын. Біз өз ісімізді жалғастырып, жұмысшыларымызға тұрақты жұмыс орнын ұсынғымыз келеді”, – деп мәлімдеді тағы бір кәсіпкер әйел бейнежазбада.
Еске салайық, осы жылдың шілдесінде Қарағанды-Балқаш күре жолының алғашқы төрт жолағы ашылған еді.
Қарағанды қаласынан Ақбастау ауылына дейінгі аралықта жаңа асфальт төселіп, төрт жолақты жол толығымен ашылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тосқауыл қоршауы орнатылды.
Қарағанды-Балқаш күре жолының жалпы ұзындығы – 363 шақырым. Күре жол I санатқа ие және төрт жолақтан тұрады. Қайта құру жұмыстары аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін арналған 32 жол өтпесі, көлік айрығы және темір жол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы толық аяқталды. Бұл күре жолға толығымен жаңа асфальт төселген.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.