Шымкентте білім бөлімнің 20 қызметкері жауапқа тартылды

0
85

Шымкентте білім басқармасының бөлім басшысы мен 18 колледж директоры жауапқа тартылды. Бұл туралы Democracy.kz хабарлайды Otyrar.kz -ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Шымкент қалалық прокуратурасы білім басқармасының қызметінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды дайындау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген. Нәтижесінде комиссия шешімімен бөлінген гранттар негізсіз өзгертілгені, лицензия алынбаған мамандыққа грант берілгені анықталған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 20 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды, оның ішінде 18 колледждің директоры мен Шымкент қаласы білім басқармасының бөлім басшысы бар. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.

Кілтсөздер:білімзаңшымкент


ПІКІР ЖАЗУ