Мақал-мәтеліміз хадистерден алынған дейді діншіл жігіт (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде тараған видеода дін адамдарының бірі “Қазақ мақал-мәтелдерінің өзі де хадистерден алынған” деп айтты, деп хабарлайды Democracy.kz
Автордың айтуынша, қазақ ежелден бері мұсылмандықты ұстанып келеді. Оның айқын дәлелі – қазақтың мақал-мәтелдері. Бұл мақал-мәтелдердің көпшілігі хадистер мен Құран аяттарынан алынған. Автордың пікірінше, қазақ ата-бабаларымыз хадисті сол күйінде, ешқандай өзгеріссіз, өскелең ұрпаққа жеткізіп отырған. Сондықтан қазақтың дінді білмегені туралы айту дұрыс емес. Ата-бабаларымыз дінді терең түсініп, оны өз өмірлерінде қолданған және осы құндылықтарды мақал-мәтелдер арқылы ұрпақтарына жеткізген.