«Зерделі» оқу орталығы: 10 жылда 100 кітап жарық көрді

0
124

2024 жылдың 10 желтоқсанында Астанада Зерделі мектептері мен орталықтарының «10 жылда жарық көрген 100 кітап» атты тұсаукесер шарасы өтті. Бұл маңызды жоба білім беру саласындағы жаңашылдық пен ел болашағына қосқан үлестің жарқын көрінісі.

Тұсаукесерге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Орынбаев Бекбол Тілеумұратұлы, Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы, Мәжіліс депутаттары Нұргүл Тау, Құспеков Олжас, ҚР Оқу-ағарту министрлигі Орта білім беру комитетінің Төрағасы Жұмашев Бекболат Қаныбекұлы және білім саласының зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шараның ашылуында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Тілеумұратұлы: «Елдің дамуы үшін әрбір адамның терең білімді немесе еңбекқор болуы маңызды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бізге «технократиялық ел» болу үшін математика мен жаратылыстану пәндерінің сапасын арттыру қажет. Зерделі мектептері осы мақсатқа адал қызмет етіп келеді. 10 жыл ішінде 100 оқулық жазу – ел дамуына қосқан зор үлес», – деп атап өтті.

Кітаптар мазмұны бойынша математика, жаратылыстану, гуманитарлық және ағылшын тілі пәндеріне арналған еңбектерге топтастырылды. Әрбір тұсаукесер рәсіміне арнайы шақырылған құрметті қонақтар атсалысты.

«Зерделі» орталықтары мен мектептер желісінің негізін қалаушы Ырысбек Мәуіттің айтуынша, бұл еңбектер мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуға және олимпиада дайындығын жетілдіруге бағытталған.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бізге орнықты дамып, бәсекеге қабілетті болу үшін математика мен жаратылыстану пәндерінің сапасын арттыру қажет. Сонда ғана саясатымызға сәйкес «технократиялық ел» бола аламыз деген ұстанымын басшылыққа алған Ырысбек Мәуіттің осы жолға қосқан үлесі зор.

Шара соңында Зерделі мектептерінде еңбек еткен 35 ұстазға Сингапурға тәжірибе алмасуға сертификаттар табысталды. Бұл ұстаздарға беріліп жатқан үлкен мүмкіндіктің бірі. Еске сала кетейік, өткен жылы 30 дан аса ұстазды Лондондағы білім ордаларына тәжірибе алмасуға жіберген болатын.

Жобаның болашағы үлкен, ал жарық көрген кітаптар оқушылар мен мұғалімдер үшін маңызды оқу құралы болмақ. Бүгін де дәл осы оқу әдістемелерімен мемлекеттік білім беру ұйымдары да оқушыларға сабақ беруде.


ПІКІР ЖАЗУ