Блогер имамдарға үндеу жариялады
Тик ток желісінде Димаш есімді жас жігіт имамдарға үндеу жасады деп хабарлайды Democracy.kz.
“ Қазақтың балалары бір-бірін өлтіріп жүрген кезде,сіздер осындай мәселені көтермегендеріңіз үлкен қателік болды.Әлеуметтік жағдайды айтпасаңыздар мейлі.Бірақ, рухани қазақтың жастарына бір-біріне қарсы төбелеспеуді,балағаттамауды,басынбауды,бопсаламауды,бір-бірін аға-іні ретінде қабылдауды,көмек беруді сіздер жеткізетін адамсыздар!Сіздер “Әр қазағың-жалғызың”, “Қазақтың жанашыры-қазақ қана”-деп айтуларыңыз керек.Және де басқа бауырларыңызға біреу басынған кезде қарап тұрмай,намысты болуға шақырып,әрқашан әділдікті талап етуге үндеу жасауларыңыз керек.Себебі қазақ жастары көздерін ашып ,өздерінің кім екендерін,қандай жолда жүру керектігін біліп жүруі тиіс.Сонда ғана біз жаңа болашақ құра аламыз. Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты! ”- деді блогер.