Неге әжетханаға түкіруге болмайды …
Қазақ халық о бастан балаларын ырым, тиымдармен тәртіптер өсірген. Олай болмайды киесі бар, бұлай жасама жаман болады деп, өскен бала кейде өзіне неге деп сұрақ қойғаны анық. Сондай тиымдардың бірі, неге әжетханаға түкіруге болмайды?
Шайқы Бұрқы бірде Ібілісті көріп қалады.
— Әй, малғұн!- дейді оған дауыстап, осы сен адамды азғыруыңды қашан тоқтатасың.
-Мен оны өлгенше азғыра беремін, әлсіздердің иманын алмай қоймаймын, Мен үшін ең қолайлы сәт өлім сәті, депті.
Шайқы Бұрқы:
— Не үшін олай дедің?
— Пенденің ақтық демі тақағанда, оны шөл қысады. Біра қасындағы ет-бауыр жақындары науқастың бұл халінен бейхабар болады. Сол кезде иманды ұрлауға мен келемін.
— Бір тамшы суға зәру болып, қаталап жатқан бейшараға кесе толы суды көрсетемін. «Алла жоқ, пайғамбар жалған» деп айтсаң, мына суды беремін», — деп алдаймын. Егер оның сенімі әлсіз болса, менің дегеніме көнеді. Иманын бір кесе суға айырбастайды.
— Саған, бір кесе таза суды саған кім береді? деп сұрайды.
— Менде таза су жоқ. Кеседегі су оның өмір бойы әжетханаға түкірген өз түкірігі. Әжетхана менің үйім болғандықтан, мен оның бәрін жинап сақтаймын. Иманын сатқан сәтте түкірігін бетіне шашып жіберемін, — депті шайтан.
Шайқы Бұрқының тұла бойы түршігіп кетеді. Содан бастап <әжетхана ішінде түкіруге болмайды» деген тыйым қалыпты.
Аңыз әңгімелердің барлығы бізге белгілі бір дүниелерді дәлелдеп айту үшін жазылған. Сонымен қатар, тиымдардыда қатаң ұстанып жатамыз. Алайда оның не себептен екенін біліп жүрсек олда артық етпес.
фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Дайындаған Балнұр ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ