Құралай Нұрқаділова әнші Жүнісованы концерт алдында пышақтап кетті
Әкелерін мен өлтірді деп жала жапты дейді әнші. Бұл туралы Democracy.kz ақпараттық порталы хабарлайды SMARTNEWS.KZ басылымына сілтеме жасап. Танымал әнші Мақпал Жүнісова бұрын Құралай Нұрқаділова әкесін қызғанып, өзін пышақтап кеткенін еске алды. Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтып берді.
«Әкелерін мен өлтірді деп балалары маған жала жапты. Мерей 11 сынып бітірген кезде де келмеген адамдар. Одан кейін барып анау жақтағы қыз «Мақпалмен өлсем де араласпаймын, Мереймен араласуға болады» деп сұхбат беріп отыр. Мерейдің телефонын Алтынбек Қоразбаев ағадан сұрап алған. Мерейге қоңырау шалып, мазасын ала бастады. Оны маған Мерей айтты. Содан кейін шындықты айтуыма тура келді. Оның қызы маған қиянат жасады. Маған пышақ салды. Маған пышақ салған адам мені керемет қыла ма? Құралай маған пышақ салған», – дейді Мақпал Жүнісова.
Айтуынша, Құралай Нұрқаділова Республика сарайының алдында әншіні пышақтап кеткен көрінеді.
«Концерттің алдында Республика сарайының жанында пышақтап кеткен (қолға, тамырдың жанынан кетті – әнші). Ол «Вечерний Алматы» деген газетке шыққан. Нұрқаділовтің қызы деп тұрып шықты. «Сол кезде Зәкеңді азамат ретінде қабылдадым. Құдай-ай, тірі қалдық қой, әйтеуір. Құрсын, оның қызы емес деп жазып берейін дедім. Сіңлім сонда маған айғайлады: «Ертең сені өлтіріп кетсе, кім жауап береді?» деп маған ұрысты. Мен «анау бастыққа обал ғой, қаланың дардай бастығы, халыққа қандай жақсылық жасап жатыр, оның қызы емес деп жазып берейін» дедім де, полицияға «жасөспірімдер солай істеді» деп жазып бердім. Сөйтіп, әкесінің абыройын ойлап, мен оны кешіргенмін. Бірақ одан кейін түсінді ме?» – дейді Мақпал Жүнісова.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.