Маңғыстауда қыздар тұрмысқа ерте шығады!

0
21

Желі арқылы танымал болған блогер Айгерім Ерғазы жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Democracy.kz ақпараттық порталы хабарлайды SMARTNEWS.KZ басылымына сілтеме жасап.Желі жұлдызы “Түзу қабырға” подкастында қонақ болып, жан сырын ақтарды.

“Күйеуім мені 15 жасымда алып қашты. Ата-енем құшақ жайып қарсы алды. Енем мені алдап жұмсайтын. Үйде жеңгелерім болғасын, мен жұмсалмай бой жеттім. Соны енем сезіп, бәрін басынан бастап үйретті. Ана-енеден жолым болды деп айта аламын. Одан кейін менің балалығым көрініп тұрды. Қонағы үзілмейтін қара шаңыраққа тұрдық. Сол кезде шаршап тұрсам, “шаршап қалдым” деп айтатын едім. Бұл менің балалық шынайылығым еді. Күйеуім екеуміз бөлек кетсек те, енеммен байланысымды сақтап қалдым. Бәрін енемнен үйрендім”, – деді блогер келіншек.

Сондай-ақ желі жұлдызы күйеуінің басқа келіншекке кетіп, екі баласымен қалғанын жасырмады.

“Ажырасу жақсы емес. Кімге болса да оңай тимейді. Бір төсекте жатқан күйеуің көзіңше басқа әйелмен кетіп қалады. Көзің мөлдіріп, екі баламен қалып кетесің. Өте қиын кезең болды. Ажырасуға алты ай бойы келіспей жүрдім. Өйткені балаларымның әкесін қатты сүйдім. Шын жақсы көргесін, кешіруге де дайын болдым. Заңды некені бұзу үшін сотқа бардық. Бірақ ол әйел ажыраспай тұрып, қолына кіріп алған. Соттың алдында күйеуім: “Оны жақсы көрмеймін, бірге тұрмаймын” деп кесіп айтты. Мен “Балаларымның әкесінен ажыраспаймын” деп тұрып алдым. Бұл жерде қоғамдық мәселе бар. Маңғыстау өңірінде қыздар ерте тұрмыс құрады. Сосын күйеуі суып кеткесін, ажыраса салады. Балаларымен далада қалады. Сот та біржақты шешім шығарып, істі жапқысы келді. Бірақ біздің істі облыстық сотқа жіберді. Сол кезде өзім де шаршадым. Ажырасу керегін түсіндім”, – деді Айгерім Ерғазы.

Фото инстаграм желісінен алынды.


ПІКІР ЖАЗУ