Абылай ханның бұл өсиетінің астарында не жатыр?

0
311

Әлеуметтік желіде тараған видеода Дархан Әбдік Шоқан Уәлихановтың Абылай хан туралы жазбаларына және оның азаматтық ұстанымына тоқталады деп жазады Democracy.kz.

Сол сұхбатта Дархан Әбдік: «Шоқан, Абылайдың тікелей ұрпағы бола тұра, оның тарихи рөлін әділ бағалай отырып, ерекше тұлға ретінде сипаттайды. Ол Абылайдың саяси және дипломатиялық шеберлігі арқасында Ресей мен Қытайға толықтай бағынбай, қазақ халқының тәуелсіздігін ұзақ уақыт бойы сақтап қалғанын айтады», — дейді.

Мұнан бөлек Дархан Әбдік Шоқанның тағы бір ерекше қасиетіне тоқталып: «Сонымен бірге, Шоқан Абылайдың қазақ руларына қалдырған ауызша өсиетін ерекше атап өтеді. Бұл өсиетте Абылай: «Қазақ рулары арасындағы дүрдараздықты шешпеңдер, өйткені ол — төре билігінің негізі» деген. Осы мәлімет Шоқанның азаматтық көзқарасын және саяси мәселелерді сыни тұрғыдан саралай білетін тұлға екенін көрсетеді», — дейді.

Шоқанның көзқарастары оның ортасынан да байқалады. Оның достарының қатарында монархияға қарсы күресіп, республикалық мемлекет идеясын насихаттаған Ядринцев пен Потанин сияқты тұлғалар болған. Бұл Шоқанның демократиялық және тәуелсіз ойлай алатын азамат ретінде қалыптасқанын дәлелдейді.

Дархан Әбдік осылайша Шоқанның тұлғасын тереңінен ашып, оның азаматтық сана мен қоғамдық көзқарастардағы маңызын ерекше атап өтеді.

Десек те, бұл жердегі басты назарға алатын дүние өсиет болып тұр. Абылайдың өсиетінің астарынан сіз не ұқтыңыз?

Фото видеодан скринделіп алынды. 

 



ПІКІР ЖАЗУ