Сотталғандардың 97-98 пайызы ханафи мәзхабында емес дейді теолог
Әлеуметтік желіде исламтанушы,теолог Асқар Сабдин ханафи мәзхабын мойындамайтын сотталушылар жайында өз пікірімен бөлісті деп жазады Democracy.kz.
“Сотталған адамдармен көп жұмыс істейміз. Олардың 97-98 пайызы ханафи мәзхабын мойындамайды. Олардың оқып жатқан кітаптарының ішінен ханафи мәзхабын, ханафи еңбектерін, ханафи ғалымдарын таба алмайсыз.
Көбінесе басқа ақидаларды ұстанады. Олар Қазақстанның аймағында тыйым салынған кітаптарды оқиды. Дәл қазір менің үстелімде бір іс тұр. Ол іс бойынша айтатын болсам, бір жас жігіттер тыйым салынған әдебиетті насихаттағаны үшін сотталып жатыр”, — дейді теолог.
Фото видеодан скринделіп алынды.
@daguatkz