Елестер әлемі: Арбадағы ата қайда кетті?

0
109

Әлеуметтік желіде «Страх дегенді мен мына кезде ұмыттым» деген әркім өзінің басынан өткен қорқынышты оқиғаларымен бөлісіп жазған трендтің пайда болғанын бәріміз білеміз. Біреуін оқып қорқып, біреуінен жасқанып, енді біреуінен тәубемізге келгенімізде анық. Қазақта тыйым деген дүние бар оның да жайдан жай емес екені анық. Әуел бастан бәрін білген ата бабамыз болашақ ұрпағына біраз дүниелер айтып кеткен, алайда оны елеп ескеріп отырғандар қаншама? Бізден басқа да әлемнің бар екені хақ. Осыған мысал болар оқиғаларда жетерлік.

Пәтердегі бейне

Мектепті бітіріп, Алматы қаласына оқуға келген қыз жатақанадан орын алып сол жерде тұрақтап қалған. Алайда біраз уақыттан соң қыз жатақанадан шығып пәтер іздестіре бастайды. Солай жүріп бір танысынан жақсы ауданнан, жақсы бағада пәтер табады. Әдемі жерде орналасқан дегені болмаса, түнде ұйықтағанда, жалғыз қалғанда түрлі дыбыстар шығатын болған. Жас болғанға иа мұны өзіде қасындағы құрбыларыда аса елей қоймайды.Тек арасында осы жайында әңгіме айтып кейін ұмытылып кететін болған. Содан бір күні, түн ортасы ма, әлде кеш батайын деп жатқан уақыт па белгісіз(автордың есінде жоқ) кино көріп жатып ұйықтап кетеді. Ойда жоқта көзі өзінен өзі ашылғанын байқайды, жан- жағына қараса ештеңе жоқ алайда аяқ жағында бір сұлбаның  өзіне қарап тұрғанын көреді. Бойы ұзын, киімі аппақ, шашы жерге дейін салбырап өскен. Қыз өзінің не істерін білмей, тек ішінен білетін дұғаларын қайталап бисмилляхын айтып ұйықтаған адамның көрінісін танытып жата берген. Адам сасқанында не істерін білмей қалады дегенді сол кезде түсінген қыз, ертесіне болған оқиғаны құрбыларына одан соң ата- анасына баяндаған. Алайда, оның не екенін түсінбеген. Басқалардың айтуымен қыздар барлығы үйді адыраспанмен бір аластап қойған.

Иә, студент кезде жалғыз тұрасың, кім тұрғанын, не болғанын білмейтін жерде де тұрасың, алайда үйге бір рет болсын құран оқытып, майдың иісін шығарып қойған дұрыс- ақ.

Жолаушыға жолыққан….

Әкем Шымкент қаласында оқитын, яғни студен кезі екен. Сабағынан шығып, Меркідегі Каменка деген ауылда тұратын әпкесіне баратын болған. Ол уақытта икарус жүретін, әкем кіре берістен түсіп ауылға қарай жаяу келе жатқан, түнгі сағат он екіден асып бара жатқан болуы керек. Ауылға кіре берісте  жолдың екі жағында мүрде орналасқан екен. Бір беті мұсылманша жерленгендер болса, екінші жағы христиандарға арналған екен. Содан келе жатқанда, артынан есек арбамен аппақ киініп алған ата артынан еріп, жанына келген. Одан соң әлгі ата – амансың ба, балам? Қайдан келе жатсың?  Деп, екеуі біраз әңгіме айтқан. Әкемде сабағынан шығып осылай әпкеме келе жатырмын деп жөнін айтқан. Содан әлгі қария — қолыңдағы чемоданың ауырғой, кел арбаға мінгес деген. Біраз жол жүріп, әңгіме айтып келе жатқан да, әпкесінің үйіне де жетіп қалған екен. Әкем арбадағы чемоданын алып жерге қоя беріп, атаға сау болыңыңыз деп айта бергенінше әлі қария, есек арбасымен бірге жоқ болып кеткен, көлеңкесі тұрмақ, ізіде көрінбеген алайда, аспанда ай жарық болған. Одан қорыққан әкем апкесінің құлттаулы тұрған дарбазасының есігін қалай жұлып ашқанын білмей,  үйге кіріп сұлқ құлаған екен, одан бірнеше күн бойы есін жия алмай, тілге келе алмаған көрінеді.

Ал, сіздерде осындай оқиға болған ма ?

Автор: Балнұр Ғалымжанқызы

 


ПІКІР ЖАЗУ