Өрттен адамдар мен газ баллондарды шығарған ұландықтар марапатталды
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде Ішкі істер органдары мен құқықтық тәртіп әскерінің кешенді күштері мен құралдарының гарнизондық таралымы өтті.
Жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев тексерді.
Полиция қызметкерлері мен ұландықтарға назарын жедел жағдай жасалып, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және көпшілік орындарда қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға ерекше назар аудару туралы нұсқау берілді. Сондай-ақ, елорда аумағында өткізілетін «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасына тоқталды.
Таралым барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың бұйрығымен Есіл өзенінің жағалауындағы мейрамханалардың бірінде өрттің алдын алған әскери қызметшілер марапатталды.
Полиция генерал-майоры Марат Төлебаев өрт кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 5573 әскери бөлімнің 4 жедел мақсаттағы батальонының сарбаздары Владислав Миллер, Владислав Таргинов, Роман Пестриков пен Виталий Бондаренкоға «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгілерін табыс етті.
– Біздің басты міндетіміз — азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қызметте қырағы, сергек болыңыздар және жоғары жауапкершілікті есте сақтаңыздар. Баршаңызға сәттілік тілеймін! — деді полиция генерал-майоры Марат Төлебаев.
Айта кетелік, оқиға орнында батыл әрекет еткен сарбаздың бірі — қатардағы жауынгер Артур Москальцевке 10 күндік демалыс берілді, қазір ол ата-ана, жақындарының қасында.
Таралым соңында жеке құрам марапатқа ие болған сарбаздар құрметіне салтанатты шерумен жүріп өтті.