Сәкен Сейфуллин атындағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылды
10 қазаны күні, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай, “Сәкен Сейфуллин: халыққа арналған өмір” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде, академик Қанат Тіреуовтің бастамасымен Қазақ және орыс тілдері кафедрасының жанынан Сәкен Сейфуллин атындағы ғылыми-зерттеу орталығы салтанатты түрде ашылды. Аталған іс-шараға университеттің басшылары Қ.А.Токушев, С.К.Омаров, Ж.А.Құсайынова, Ж.С.Жүргенов, Ж.Жазықбаева, Ж.Т.Кулжанова қатысты. Сонымен қатар, ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы, өзге де жоғары оқу орындарынан шақырылған қонақтар қатысты.
Бұл орталық Сәкен Сейфуллиннің бай мұрасын жаңа қырынан зерттеуге, оның шығармаларын лингвистикалық, әдебиеттану және педагогикалық бағыттарда зерделеуге арналған маңызды ғылыми алаң болып табылады. Ашылу салтанатында Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайдың директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсеметов сөз сөйлеп, орталыққа құнды кітаптарды сыйға тартты.
Шараға Қазақстандағы беделді ғалымдар мен университет басшылары, профессор-оқытушылар құрамы және басқа да жоғары оқу орындарынан келген қонақтар қатысты. Филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Жақып және тарих ғылымдарының докторы, профессор Ғ.А. Алпысбаева жылы лебіздерін білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, осы шара аясында т.ғ.д., профессоры Ғ.А. Алпысбаеваның жетекшілігімен “Сәкен жолы” атты жаңа кітаптың тұсаукесері де өткізілді.
Университеттің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында құрылған бұл орталық жас ғалымдар мен зерттеушілер үшін үлкен мүмкіндік береді. Олар Сәкен Сейфуллиннің мұрасын зерттеу арқылы мәдениет пен ғылымның күрделі аспектілерін тереңінен зерделей алады.
Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ардақ Тілеулесова тағайындалды. Орталық алдағы уақытта Сәкен Сейфуллиннің еңбектерін жаңа заманауи көзқарастармен зерттеп, оның мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді.
Қуанышова Аяжан Серікқызы