Аршалыда «Бабатай-Сарыоба» автожолын тазылады

0
49

26 қыркүйек күні Аршалы ауданының Бабатай станциясында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасын тапты. Іс-шараға жастар ұйымдарының басшылары, азаматтық сектор өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ белсенді жастар, еріктілер, «Жасыл Ел» жасақтары, барлығы 250 адам қатысты.

Іс – шараның негізгі мақсаты «Адал адам – Адал еңбек — Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.

Акция қыркүйек айының соңғы жексенбісінде тойланатын «Еңбек күніне» арналған. Аршалы ауданы тұрғындары аталмыш іс-шара арқылы елiмiз, азаматтардың еңбекқорлығының арқасында құрылып, дамып келетінін көрсетті.

Іс-шаралар аясында аудан тұрғындары Бабатай станциясын тазалап, облыстық маңызы бар «Бабатай-Сарыоба» автожолының маңындағы аумақты қоқыстан тазартып, 50-ден аса ағаш көшеттерін отырғызды.

 «Ақмола облысының тұрғындары Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жобасын белсенді қолдайды. Бұл жоба табиғатқа, өз үйіне ұқыпты қарауға бағытталған. Осы іс-шараларға қатысу біздің қоғамға экологияның тазалығы мен қамқорлығын сақтауға және насихаттауға, табиғатты қорғауға және қорғауға көмектеседі. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау өзінен басталуы керек» — дейді белсенді Меңдібаев Нариман.

Жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер мен ұйымдар өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің, белсенділер мен тұрғындардың бірлескен күш-жігерімен аумақты қоқыстан тазарту жүргізілді. Жалпы көлемі бойынша 16 м3 қоқыс шығарылды.

Жоба басталғаннан бері облыс бойынша 600 мыңға жуық адамның қатысуымен 500-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді.


ПІКІР ЖАЗУ