Көкшетау студенттеріне арналған презентациялық бағдарлама өтті
«Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы» МКМ, Көкшетау қаласының «Достар» МҮ-де, қаламыздың ЖОО және ТжКБ алғашқы курс студенттеріне арнап жыл сайынғы «Өз таңдауыңды жаса» атты презентациялық бағдарламасын өткізді.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында отызға жуық астам жастар бірлестіктері мен ұйымдары бар. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен бір бағытта жұмыс істейді.
Аталмыш іс-шара, Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің 1 курс студенттері үшін, облыстың жастар саясаты мен студенттік ортасына бейімделуге көмек көрсету, түрлі бағыттар бойынша белсенді және перспективалы студенттермен жұмыс ұйымдастыру, құқықтық сауаттылықты, СӨС және қоғамдық белсенділікті насихаттау, облыстық жастар-ресурстық орталығы қызметінің жалпы жоспарын орындау мақсатында өткізілді.
Шараға «Думан» Ақмола облыстық педагогикалық жасағы, «The Legacy Show» би студиясы, «Зерделі ұрпақ» жастар бірлестігі, «Молот» пікір-сайыс клубы, «Доброе Сердце Lider.kz» ҚҚ, «Aqmola Hub» өңірлік технопаркі және «Феникс» волонтерлік орталығы және т.б. ұйымдардың қатысуымен өтті.
Ол жерде әр қатысқан жастар ұйымдары өздерінің қызметтері жайлы ақпарат беріп, әрбір орталық пен ұйымның төрағалары жастарды бос уақытты тиімді пайдалануға шақырып, ұйым мүшесі болып қатарға қосылуға ниет білдірді.
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков өз сөзінде «Жас адам өзіне өмірде жүзеге асыруға, өзіндік құндылық планкасын құруға көмектесетін басым құндылық ұстанымдарын, трендтерін нақты анықтауы тиіс, әр адам жеке әлеуетін, бар қабілеттерін іске асырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуы керек» — деп Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков өз сөзінде тоқталып кетті.
Кеш бойы әр жастар қоғамдық бірлестіктері өздерінің атқаратын қызметтері туралы баяндап, жастардың қызығушылықтарын оятты. Студенттер арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.