ТЕҢГЕ ІЛУДЕН 3 АЛТЫН ЖҮЛДЕ

0
65

Теңге ілуден бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтті. Сайыстың «Бес белес», «Қос құлаш» және «Жеті құт» түрлеріне 13 мемлекеттен 31 спортшы қатысты.

«Жеті құт» стилінен алтын жүлде иегері Бақыт Төлтай:

«Бұл ойынға жылдың басынан бастап дайындалдым. Басты қарсыластарымыз Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан мемлекеттері болды. Алда екі жылдан кейін өтетін көшпенділер ойына дайындықты бастаймыз. Бұл ойынның ерекшелігі жылдам болып, тиын ілу бұл жерде ең маңыздысы – уақыт. Белгіленген уақытта үлгермесең ұпайын алынады. Менің тұлпарым – Баққара. Маған бақ болып келген ат десем болады. Көшпенділер жарысына дейін мені алып келген осы – ат. 2 жыл бойы осы атпен доғаларға шығып келемін. Тіпті Азия чемпионы болған кезде де, Баққарамен додаға шықтым. Осы салада жүргеніме биыл 6 жыл болды.  Ал жеңіске ие болған кезіндегі сезімімді айтып жеткізе алмаймын», — дейді спортшымыз.

Бекнұр Серіков «Бес белес» теңге ілу спорты бойынша алтын жүлде иегері:

«Көшпенділер жарысына дайындалғаныма 3-4 ай болды. Әзірге алтын жүлде алғаным сезілмей жатыр алайда шын мәнінде қуаныштымын. Бұған дейін Азия, Қазақстан кубогын ұттым. Келесі жылы Қытайда өтетін Әлем чемпионына қатысып, жүлде алуға әрекет жасаймын».

Рахат Қамбаров «Қос құлаштан» алтын жүлде иегері:

«Көшпенділер ойынын алдында  4 оқу жаттығуы өтті. Көкшетауда 1, Алматыда 2 және Астанада 1 оқу жаттығу ойыны болды. Көшпенділер ойыны алғаш рет өз елімізде өтіп жатыр. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, әрі жауапкершілік. Алтын жүлде алған кезіндегі сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын», — дейді шабандоз.

Ойын жайында мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Байбуриев былай дейді:

«Менің басты міндетім ұлттық ойындардың шет елдерде дамуын қамтамасыз ету. Осы ойынымыз арқылы мақсатымызға біраз болсын жеттік деседе болады. Себебі 13 мемлекеттен 31 спортшы қатысты.  Ал Қазақстанда көшпенділер ойынына теңге ілуден 3 спортшымыз қатысты. Олардың барлығы да алтын жүлде иеленді. Енді алда қыркүйек айында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді соған дайындаламыз».

Еске салсақ, «Қос құлаш» стилінен қазақстандық спортшы Рахат Қамбаров алтын жүлде еншіледі. Күміс моңғолиялық Наурызбек Меліске бұйырса, қолаға қырғызстандық Асхат Талайбеков қол жеткізді.

«Бес белес» стилінен алтын жүлде Бекнұр Серіковқа (Қазақстан) бұйырды. Kenzhebek uulu Adilbek (Kyrgyzstan) күміс жүлдеге ие болды. Қола медальді BakosCsongor (Romania) еншіледі.

«Жеті құт» стилінен алтын жүлдеге Бақыт Төлтай (Қазақстан) қол жеткізді. Моңғолиялық Жеңісбек Серік күміс жүлдеге ие болды. Қола медальді Azim Esenbek uulu(Kyrgyzstan) еншіледі.

Ойын жайында моңғолиялық спортшы Жеңісбек Серік:

«Теңге ілу ойының «Жеті құт» ойыны бойынша күміс жүлде иелендім. Осы тұста айта кету керек, Қазақстан құрамасы жақсы дайындық жасаған. Өз атамыз болмағандықтан ойын біраз қиындық тудырды. Негізі бұл ойын түрімен бала күннен бастап шұғылданып келемін. Сондықтан аса қатты қиындық тудырмады. Алдағы уақытта қазақтың басқа да ойын түрлерінен өз бағымды сынап көремін», — дейді күміс жүлде иегері.

«Жеті құт» ойыны бойынша қола жүлде иегері  Azim Esenbek uulu: «Бүгінгі Астанада өтіп жатқан көшпенділер ойыны жоғары деңгейде өттіп жатыр. Негізі өзіміз осыған дейін де ат үстінде жүрген спортшылармыз, ал бұл теңге ілу ойынына жаздан бастап дайындалдық. Ойын жақсы өтті», дейді қырғызстандық жабандоз.

Назым МАЛИККЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ