ҚҰСБЕГІЛІКТІҢ «ҚАРШЫҒА САЛУ» САНАТЫНАН АЛТЫН МЕДАЛЬ
Құсбегілік жарысына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Испания, Канада, Мажарстан, Қытай, Грузия және Түркиядан барлығы 42 спортшы қатысты. 3 санатта 18 бүркіт, 12 ителгі және 12 қаршыға жарысқа түсті.
Құсбегіліктің «Қаршыға салу» санатынан алтын медаль иегері:
«Бүгін осы ойында елімнің намысын қорғап, алтын алу бұйырды. Бұл жарысқа сәуір айынан бастап дайындыққа кірістік. Дайындығымыз толықтай ақталды деп айта аламын. Осы арқылы елімнің туын көкке көтеріп жатқаныма өте бақыттымын. Айта кету керек, бұл уақытта құстардың жүндерің жанартатын уақыт.. Бұл біз үшін біраз қиындық тудырды. Қаршығамның аты – Найзатұяқ. Дода болады деген уақыттан бастап осы құспен бірге жұмыс жасадым. Құсбегілікпен айналысып жатқаныма 8 жылдай болып қалды сондықтан ойын жеңіл өтті дей аламын», — деп өз қуанышын білдірген Құдайберген Рауилұлы.
«Біздің елімізді маңызды халықаралық турнирде 9 қатысушы, оның ішінде республикалық турнирлер мен ел чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпиондары ұсынды. «Бүркіт салу» санатында Астана қаласынан Серікбек Күнтуған, Абай облысынан Ерзат Байқадамов және Атырау облысынан Арман Қошқаров өнер көрсетті.
Түркістан облысынан келген Дәурен Аршабай және Бағдат Кеуенов, астаналық Құдайберген Рауилұлы «Қаршыға салу» санатында шеберлік танытты.
Ақмола облысынан Ерлан Кенжетаев, Жамбыл облысынан Бақдәулет Бабажан және Түркістан облысынан Ибрагим Базарбаев «Ителгі салу» категориясында бақ сынады», деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.