«Family life» фестивалі Көкшетауда өтті
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ мен «Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бірлесе, жас отбасыларға арналған Халықаралық отбасы күніне орай «Family life» фестивалін өткізді.
«Family Life» фестивалі отбасының қоғам негізі ретіндегі маңыздылығын және оның тұлға мен әл-ауқатты қалыптастырудағы рөлін түсінуді арттыра отырып, отбасылық құндылықтарды қолдау және атап өту, отбасының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етіп, оның әртүрлілігін, жылуын және өзара қолдауын көрсету, фестивальге қатысу отбасыларды бірге уақыт өткізуге, бірлескен іс-шаралар мен сабақтарға қатысуға ынталандырады, сонымен қатар, отбасылық байланыстарды нығайтуға және отбасылық қатынастардың сапасын жақсартуға ықпал ету шараның мақсаты.
Фестивальге Ақмола облысының 18-35 жас аралығындағы отбасын құруды жоспарлап жүрген жастары, некеде тұрған және 8-10 жас аралығындағы баласы бар отбасылары, «Әкем, Анам және мен» командасының құрамы болып қатыса алды.
«Жалпы байқауға өңіріміздің аудандары мен қалаларынан барлығы 9 үздік отбасы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды – Степногорск қаласынан Бекназаровтар отбасысы, 2 орынды – Шортанды ауданынан Абуталиповтар отбасысы, 3 орынды – Біржан сал ауданынан Сейтқазиндер отбасысы иеленді. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймын!» – деді NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау және кеңес беру бөлімінің басшысы Мақпал Жанарисова.
Шара соңында жеңімпаздар медальдар және дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, Көкшетау қаласының «Науан Хазірет» мешіті атынан көкөніс пен тәттілерден құралған себеттер таратылды.