КӨК БӨРҮДЕН ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА

0
24

Көк бөрүден Қазақстан командасы Түркия құрамасын 15-1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда қазақстандық спортшылар Қырғызстан командасымен кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салады.

Қазақстандық шабандозымыз:

«Бұл жарысқа 3 ай дайындалдық.  Бұл спортпен айналысып жатқаныма 10 жылдай уақыт өтті. Менің осы ойындағы жылқымның аты – Алимус. Сбор барысында жүйрігімен дайындалып, бүгін жарысқа шықтық. Қарсыластарымыз жақсы дайындықпен келген. Оның ішінде басты қарсыластарымыз Қырғызстан мемлекеті. Енді финалда олармен додаға түсетін боламыз. Бүгінгі алған жүлдемізге өте қатты қуанып тұрмын», — деп өз сезімімен бөліскен Сәмет Нұрбек.

Қарсылас топтың мүшесі Talha Yasin Asyalı:

«Бұл ойын біз үшін біраз қиынға түсті. Қазақстандық спортшылар барлық аймақ бойынша жиналып келсе, біз тек ауыл көлемінде жиналған спортшыларымыз. Бұл жарысқа шыны керек дайындықсыз келдік. Біздің тізімімізді құрап, Қазақстанға барасыңдар деді. Солай жарысқа келіп қалдық. Сондықтан ойын бізге қиынға түсті. Қазақстан тарапынан ойынға берілген жылқыларымыз өте жақсы, осы ойынға арналған жүйрік аттар екен», — деді Түркиядан келген шабандоз.

Назым МАЛИККЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ