Арабтар қазақстандық жобаларға қомақты қаржылай инвестиция салмақ
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі 7 миллиард доллар инвестицияны Араб үйлестіру тобы қазақстандық жобаларға қаржыландыруды көздеп отыр деп хабарлайды.
Бас қалада Ислам даму банкі, Сауд Арабиясының даму қоры, ОПЕК халықаралық даму қоры, Кувейт экономикалық даму қоры , Абу-Даби даму қоры сынды ұйымдарды бірлестіретін Араб үйлестіру тобының отырысы орын алды.
Араб үйлестіру тобының Қазақстан үшін басымдыққа ие инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруына ден қойылды кездесу барысында.
Таныстырылған жобалар: Көлік, энергетика, су ресурстары, денсаулық сақтау салаларындағы жобалар. Онымен қоса Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспары ұсынылды делінген хабарламада.