Отандасымыз Давид Дегтярев – XVII жазғы Паралимпия ойындарының алтын медальына иеленді
Сүйінші қазақ елі! 54 келі салмақта бақ сынасқан спорт шебері Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен 188 келі салмақты бағындырып, екі мәрте Паралимпиада чемпионы деген атқа қол жеткізді.
Ал қарсыластары жайлы айтсақ, Куба елінің спортшысы Рамирез Барриентос Пабло 185келімен күміс медальді, Қытай спорт шебері Ян Джинлан 179 келімен қола жүлдені иеленді.