Ұлттық ұланның бас қолбасшысының орынбасары пара алып ұсталды

0
53

Ұлттық ұлан бас қолбасшысы орынбасарының ұсталғаны жайлы ақпаратты ішкі істер министрлігі растады.

Әлеуметтік желіде Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасарының ұсталды деген ақпар пайда болып еді. Ол ақпаратта генерал-майор Константин Воронкиннің, онымен қоса «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев те ұсталды деген хабар тараған. Ал бұған дейін партияның басшысы Азат Перуашев Васильевтің қамауға алынғаны жайлы айтқан болатын.

«ІІМ Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін құзыретті органдар ІІМ-мен бірлесіп жүргізіп жатыр», — деп Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан бастығының орынбасарының ұсталғаны туралы ақпаратты растады.


ПІКІР ЖАЗУ