Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды — деп хабарлайды Ақорда.
Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.