Полиция барлық өңір бойынша күшейтілген нұсқасына ауысты
Елімізде ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірді қамтығанда қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне ауысты, оның басты себебі дүниежүзілік көшпенділер ойындарыны елімізде өткізілмек.
Ведомсвто хабарламасында: «Халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін ескере отырып, елордаға ерекше назар аударылды. 3 қыркүйек күні мұнда қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны болды», — деп мәлімдеген.
Ішк істер министрлігінің басшылығы жеке құрамның дайындығын тексерген болатын.
«Қызметкерлер құқықбұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде сыпайылық танытуға бағдарланған. ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады», — деп мәлімделген хабарламада.