«Қазақ тілінде махаббатынды білдір және екі адамға жолдама ұтып ал!»

0
63

«Til Qazyna Qaragandy» жобасы аясында Қазақстан халқының мемлекеттік тілін дамыту және қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында түрлі іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Солардың бірі – қазақ тілінде махаббатынды білдіріп, қосымша сыйлық ретінде екі адамға жолдама ұтып алу мүмкіндігін ұсынатын арнайы челлендж.

Жастар арасында бір-біріне және ата-анасына қазақ тілінде мейірім сезімін білдіру мақсатында «Қазақ тіліне махаббатыңды білдір және екі адамға жолдама ұтып ал» челленж байқауы әлеуметтік желілерде онлайн өткізілді. Басты жүлде екі адамға «Rixos Burabai» қонақ үйінде 5 күндік саяхат туры. Қатысушылар #Lovekazakh #tilqazynakaragandy #TilQazynaQaragandyLove хештегтерін белгілей отырып, мейірім сөздері арқылы 2-3 минуттық бейне ролик жолдайды.

Бұл челлендждің басты мақсаты – қазақ тілін үйреніп жүрген немесе тілді меңгергісі келетін адамдарға махаббат сезімдерін қазақ тілде білдіруге мүмкіндік беру. Әрине, қазақ тілінде шынайы махаббат сөздерін айту, өз сезімдерін ерекше жеткізу – үлкен шеберлікті талап етеді. Дәл осы акция арқылы қатысушылар өздерінің қазақ тіліне деген махаббатын көрсете алады.

Байқау талаптарға сәйкес Қарағанды облысының өзге этнос өкілдері қатысты. Байқау шілде-тамыз айналарында жалғасып, қорытынды 30 тамызда анықталды. Жеңімпаз әлеуметтік желінің тікелей эфирінде кездейсоқ Рондом әдісі арқылы анықталды.
Онлайн челленджге Қарағанды облысының тұрғындары қатысып, өздерінің сүйікті адамдарына, отбасыларына, туған жеріне, туған қалаға арнап қазақ тілінде әсерлі махаббат бейнелерін жолдады. Әр видео ерекше стильде жазылған және қатысушылардың шынайы сезімдері мен қазақ тіліне деген құрметін білдірді. Әрбір бейнеролик марапатқа лайық.

Мысалы, Антонина есімді қатысушы өз видеода сүйіктісіне деген махаббатын нәзік және терең суреттеп, қазақ тілінің көркемдігін шеберлікпен жеткізді. Оның шығармашылығының ерекшелігі – қазақтың мақал-мәтелдерін, фразеологиялық тіркестерді ұтымды пайдаланып, махаббат сөздерін ұлттық нақышта өрбіткендігі. Сарапшылар хаттағы эмоция мен тілді қолдану шеберлігін жоғары бағалады.

Александраның видеосы бірегей баяндау стилімен ерекшеленді. Ол махаббат сезімдерін прозалық көркем тілмен жеткізіп, оқырманды терең сезімге бөледі. Оның шығармасы ұлттық мәдениеттің мәнін аша отырып, қазіргі заманғы ойлар мен идеяларды қамтыды.

Кристинаның түсірген видеосында ұлттық мәдениет пен махаббат сезімдері үйлесімді түрде жолданған. Оның шығармашылығының ерекшелігі – қазақ тіліне деген сүйіспеншілік пен құрметті сезіндіруде жатыр.

Аника есімді қатысушы өз видеосында қазақ тіліндегі фольклорлық элементтерді пайдалана отырып, ерекше сезім мен көркемдікті көрсете білді. Эмоциямен берілген терең мағыналы сөздер мен бейнелі сөйлемдер көптеп кездеседі.

Татьянаның бейне-хаты қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін ашып көрсеткен бірегей шығармашылық жұмыс болды. Оның видеосында ұлттық тілді пайдалану шеберлігі ерекше көрінеді.

Елена есімді қатысушының видеосы терең сезімдерге толы және шынайы махаббатты сипаттайтын жылы сөздерімен ерекшеленді. Ол қазақ тілінің көркемдігін өзінің нәзік сезімдерін жеткізу үшін шебер қолданды.

Ал челлендж байқау нәтижесінің жеңімпазы кездейсоқ рандом әдіспен танылған Людмила есімді қатысушының ерекше видеосы туған қаласы Қарағандыға арнап махаббат сезімін әнмен де әрледі.

«Til Qazyna Qaragandy» жобасының бұл шарасы қатысушыларға қазақ тілінде махаббат сөздерін айтып, өз сезімдерін жеткізуге мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар мен жеңімпазды құттықтай отырып, оларға шабыт пен шығармашылық табыстар тілейміз!

Қазақ тілінде махаббатты білдіру – ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тілді насихаттаудың ерекше тәсілі. Бұл акция арқылы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!


ПІКІР ЖАЗУ