Қазақстан Республикасынына шет елдерден бидай дақылын тасымалдауға тыйым салынды

0
70

Ауыл шаруашылығ министрлігінің мәлімдеуі бойынша,  2024  жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен  бидайдың  импорты 1,3 млн тоннаны қамтыған. Дәл осы нәтежие 2023 жылдағы импорттың жылдық көлемімен пара-пар.Алдыңғы жылғы бидайдың  жиналымы  жеткілікті екені белгілі болды.

Бұл  бұйрық 21 тамыздан  күшіне еніп, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

 Министрліктің хабарынша “Ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау фактілерін болдырмау мақсатында 2024 жылғы 26 шілдеде сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін қоспағанда, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін бидайды Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданды”, – деп аталған.


ПІКІР ЖАЗУ