Елімізде ұстаздар қауымының  білімін бағалауға  қатысты өтініш қабылдау басталды

0
298

Аталған бағалауға қатысты өтініштер 23 тамыз мерзіміне дейін  қабылданады, ал ПББ 21-29 тамыз уақыты аралығында өтпекші. Өтініштер ұлттық тестілеу орталығының сайты мен мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.  Бұл туралы тестілеу орталығының баспасөз қызметі Facebook парақшасында хабарлады.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында «Бұл тестілеуге санаты жоқ үміткерлер, біліктілік санаттарын арттыратын және растайтын педагогтер қатыса алады. Білім беру ұйымының педагогтері педагогтердің білімін бағалауға бір күнтізбелік жыл ішінде 2 рет өтініш бере алады: бір рет тегін, бір рет ақылы», – деп жазылған.

Осы уақытқа дейін педагогтар қауымының білімін бағалау 10 шілде мен 13 тамыз уақыты аралығында орын алған болатын.

 


ПІКІР ЖАЗУ