Қара жолдағы көліктер жолдан шығып кетті

0
76

Алматы облысында 16 шілдедегі  нөсер жауын салдарынан су тасып, қара жолдағы көліктер жолдан шығып кетті.

Бұл  жайлы ҚазАвтожол ресми Telegram каналында мәлімдеді.

«2024 жылғы 16 шілдеде сағат 16:00 шамасында «Көкпек-Кеген-Түп» республикалық маңызы бар автожолының (ІІІ санат) 33-41 шақырымында қатты жауын салдарынан жолды төрт жақтан су басты, оның ұзындығы 100 метр, ал биіктігі 8-10 см құрады. Жақын елді мекен Ұзынбұлақ ауылы, Кеген ауданы, Алматы облысы».

Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылғаны және 19:30-ғы жағдай бойынша су тасқыны тоқтап. Жол қозғалысына шектеу қойылғмағаны белгілі болды.

Айта кететін жайт, Кеген, Нарынқол жұрты жолдың өте нашарлығынмен билікке базынасын талай мәрте жеткізген болатын. Кеген-Нарынқол автомобиль жолы әлі күнге мәз емес.


ПІКІР ЖАЗУ