«Опералия» халықаралық музыкалық фестивалі өз мәресіне жетті

0
66

Жауһар өнер операның қоржыны тағы бір жобамен толысты. Астана қаласында халықаралық деңгейдегі шоқтығы биік фестиваль аяқталды

«Астана Операда» ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен «Опералия» халықаралық музыкалық фестивалі өз мәресіне жетті. Бір жарым айға жалғасқан уақыт ішінде опералық және балеттік қойылымдарды, сондай-ақ концерттік өнер көрсетулерді 15 мыңнан астам көрермен тамашалады. Деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Шынайы өнерді түсінетін көрермен үшін халықаралық деңгейдегі іс-шараны көру ерекше ләззәт сыйлағанына күмән жоқ. Фестивальға келген жұлдыздардың қарасы қалың болды.

«Шіліңгір шілдеде де «Астана Операға» келген жұлдыз меймандардың саны аз болмады. 6-7 шілдеде П.И.Чайковскийдің әйгілі «Евгений Онегин» операсына шақырылған әртістер – италиялық маэстро Джузеппе Акуавива, К.С.Станиславский және Вл.И.Немирович-Данченко атындағы Мәскеу академиялық музыкалық театрының солистері сопрано Элеонора Макарова мен баритон Евгений Качуровский, сондай-ақ Тәжікстаннан тенор Шохрух Юнусов қатысты.»

«Опералия-2024» фестивалі жаңа жұлдыздардың тууына да септігін тигізді, әртістер көрерменді жарқын дебюттерімен қуантып, ерекше естеліктер сыйлады.

 


ПІКІР ЖАЗУ