ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
10

Павлодар облысының прокуроры Алмат Байшулаковтың төрағалығымен өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен мамандарының қатысуымен еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жиында жабық резервуарларда жұмыс істеу қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Мұндай орындарда адам өміріне қауіпті химиялық заттар жиналуы мүмкін.

Облыстағы бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында осындай нысандар бар. Онда шамамен 3 мың адам еңбек етеді. Жүргізілген талдау жұмысшылардың қорғаныс құралдарымен және қажетті жабдықтармен жеткіліксіз қамтамасыз етілгенін көрсетті.

Талқылаудан кейін арнайы алаңда қатысушыларға мұндай жұмыстарды қауіпсіз орындау тәртібі және төтенше жағдай кезінде әрекет ету жолдары көрсетілді.

Алмат Байшулаков жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік бірінші кезекте басшыға жүктелетінін атап өтті. Қауіпсіз еңбек жағдайын және қажетті қорғаныс құралдарын қамтамасыз етпей, жұмысшыны жұмысқа жіберуге жол берілмейтінін айтты.

 

 


ПІКІР ЖАЗУ